Кітапханаларды пайдалану ережесі

1. Жалпы ережелер

 1.1 Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме болып есептелінеді.  Ауданның азаматтарына  ұйымдастырылған әмбебап құжаттар қорын уақытша қолдануға береді.

1.2  ОКЖ кітапханалары тұтынушыларға ҚР «Мәдениет туралы» заңы,   мекеме Жарғысына және осы Ережеге сәйкес қызмет көрсетеді. 

 Ереже Қазақстан Республикасының материалдарын басқарушы және «Мәдениет туралы» заңына сәйкес әзірленген.

1.3 Осы ереже тұтынушыларға қызмет көрсету процесінде туатын «Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ (бұдан әрі ОКЖ) кітапханаларының қызметкерлері мен тұтынушылардың қарым-қатынасын анықтайды.

1.4 Ереже Қазақстан Республикасының материалдарын басқарушы және «Мәдениет туралы» заңына сәйкес әзірленген.

1.5 Ереже бекітілген күннен бастап күшіне енеді. Қажет болғанша өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

2.Тұтынушылардың   құқығы

 2.1 Бейімбет Майлин ауданының әрбір тұрғыны тұрғылықты орны бойынша ОКЖ  тұтынушысы болуға құқылы.

2.2 ОКЖ кітапханаларының тұтынушыларының ақысыз құқығы бар:

ОКЖ қалаған кітапхаларынан АБА (анықтамалық-библиографиялық аппарат) арқылы  кітапхана қорының құрамы және кітапханалық ақпараттың басқа көздері туралы мәлімет ала алады,

2.3 ақпарат көздерін таңдау және  іздеуде консультациялық көмек алады.

2.4 ОКЖ қорларынан қалаған құжаттарды уақытша қолдана алады.

2.5 КАА және ІЖ бойынша құжаттарды алады, ЭҚЖ (электрондық құжат жеткізу) қолданады.

2.6 кітапхана тұтынушылар үшін өткізетін көпшілік іс-шараларға қатысады,

2.7 ОКЖ кітапханалардағы әдеби ұйымдар, үйірмелер мен ынтасы бойынша клубтарға қатыса алады.

3.  Тұтынушылар міндеттері

3.1 «ОКЖ кітапханаларын қолдану ережесін» сақтау.

3.2 ОКЖ кітапханаларының қызметкерлеріне сыпайы қарау.

3.3  Кітапханадан алынған құжаттарды ұқыпты ұстау, оларға ешқандай белгі түсірмеу, оның беттерін кеспеу әрі майыстырмау.

3.4 Кітапхана қорынан алынған кітаптарды мұқият қарап, кемшілігін көрсе кітапханашыға айту керек. Айтпаған жағдайда тұтынушы бүлінген басылымға өзі жауап береді,

3.5 Ақпаратқа еркін кіруге мүмкіндік жасалған бөлімдердегі қорлардың орнын бұзбау, каталог пен картотекадағы карточканы алмау,

3.6 Кітапхана тазалығы мен тәртібін сақтау, кітапхананың жиһаз- мүліктеріне мұқият қарау.

3.7  Кітапхана коридоры және қорында темекі шегуге, мас күйінде келуге болмайды.

          4. КІТАПХАНА ҚҰҚЫҒЫ

4.1 Кітапхана Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт Министрлігімен келісілген Ережені бекітуге құқылы.

4.2 Пайдаланушының кітапханаға келтірген зардабының түрін және құнын анықтауға құқылы.

5. КІТАПХАНА МІНДЕТТЕРІ

5.1 ОКЖ кітапханалары тұтынушыларға ҚР «Мәдениет туралы» заңы,  Жарғыға және осы Ережеге сәйкес қызмет көрсетеді. 

5.2 ОКЖ кітапханалары тұтынушыларын көрсетілетін қызметтері туралы ақпараттандырады.

5.3 Кітапхана қорында ОКЖ анықтамалық-библиографиялық аппаратты (АБА) толық көрсету.

5.4 Жинақтау, есептеу, қорды сақтау және қолдануды жүзеге асырып,  олардың бұзылмауына жауапты.

5.5 ОКЖ кітапханаларында тұтынушыларға берілген құжаттың уақтылы қайтарғанын қарайды. Жеке жағдайда сұранысы жоғары басылымдардың мерзімдерін қысқартады.

5.6 Егер кітапханада қажетті құжатың болмауына байданысты тұтынушыларға құжатты Ішкіжүйе (ІЖ) бойынша немесе Кітапханаралық абонементтен (КАА) сұратады.

5.7 ОКЖ кітапханаларының қызметкерлері тұтынушыларға жақсы қарап, осы Ережені қатаң сақтау керек.

5.8 Кітапхана қызметкерлері және пайдаланушылар осы Ережені бұзғаны үшін толық материалдық және әкімшілік жазаға тартылады.

6.  ОКЖ кітапханаларына азаматтарды  жазу тәртібі

             6.1Азаматтарды жазу Аудандық орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінде, ОКЖ кітапхана-филиалдарында азаматтардың тіркеліміне сәйкес жасалады.

6.2 Азаматтарды кітапханаға жазуда:

– тұлғаны растайтын құжатты, осы ауылда тұратынын растайтын анықтама. Тұрақты мекенжайы туралы анықтаманы үшінші тұлға арқылы egov.kz сервисінен, егерде тұлға өз рұқсатын берсе алуға болады. Тұлғаның телефон номеріне SMSке пароль хабары келеді, кейін анықтама алуға болады.   Оқырман формулярын рәсімдеу үшін қажетті мәліметтерді хабарлайды, кәмелетке толмаған азаматтар кітапханаға ата-анасымен немесе жақын туысымен келеді, соңғы тұлғаны растайтын құжатты көрсетіп, «ОКЖ кітапханасының қолдану ережесімен» танысады және оқырман формулярына  міндеттерді орындауды растайтын қол қояды. 16 жасқа дейінгі балалар кітапханаға кепілдік негізінде жазыла алады.  Оқу немесе емдеу мекемесінде тіркеуде тұрған балалар кітапханаға осы мекемелердің қолдаухатымен жазылады.

7. Оқу залы және абонементті қолдану тәртібі

 7.1 Тұтынушыларға құжаттар ОКЖ қызмет көрсету бөлімі, абонемент және кітапхана-филиалдарының оқырман залында  беріледі

7.2 ОКЖ тұтынушыларына, балаларға 15 жасқа дейін үйге 30 күн мерзімінде кемінде бес кітап беріледі. Осы мерзім тұтынушы кітапханаға келгенде немесе телефон арқылы, егер осы әдебиетке басқа оқырмандардан сұраныс болмаса   ұзартылады.

7.3 Кітапхана  қызметкерлері  сұранысы жоғары басылымдардың қолдану мерзімін өздері белгілейді.

7.4 Кітапханашы тұтынушыға құжатты беруге ресімдегенде:

– тұтынушыдан таңдаған басылымын алу керек,

– картотекадан оқырманның формулярын алып, қарыз еместігіне көз жеткізу керек,

– оқырманның формулярына инвентарлық нөмір, шифр, автор және басылымның бөлімі (мерзімдік басылымдар үшін – жыл және нөмірі) жазылу керек,

– Басылымның «Қайтару мерзімі парағына» тұтынушының басылымды қайтаратын  күні жазылады,

– берілген басылым туралы жазба формулярда (абонементте) немесе кітап формулярда (оқу залында) оқырманның қолымен расталады.

– кітап формулярлары оқырман формулярларына салынады.

7.5 Құжатты беруге ресімдегенде тұтынушы:

– кітапханашыға алған басылымдарды көрсетеді, егер жыртылған не бүлінген жерін байқаса, осы басылымдарға белгі жасау үшін дер кезінде кітапханашыға айту керек,

– абонементте алынған басылымдары үшін оқырман формулярына, ал оқу залында кітап формулярына қол қою керек.

8. КІТАПХАНАНЫҢ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ

8.1 Кітапхананың жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт Министрлігінің келісімімен анықталады, Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ басшысы қолымен бекітіледі.  

Skip to content