Ауыл  еңбекшілерінің даңқы арта берсін!

1        – «Даму мен өркендеу жолында» атты бөлімі  Президент Қ. Тоқаевтың халыққа Жолдауынан басталады және де мемлекет тарапынан ауылшаруашылығына берілетін көмек, «Ауыл – ел бесігі» жобасы, «Сыбаға» бағдарламалары туралы ақпарат орын алды.

 2        – «Біздің дала астығымен даңқты» атты бөлім Тыңның 65 жылдығына арналды. Елеулі еңбектерінің арқасында есімдері әйгілі К. Дөненбаева, В. Сидорова, С. Ерғалиев сияқты азаматтар туралы әдебиет, және ауданның ЖШС, ШҚ туралы ақпарат кеңінен жайылды.  

3         – «Ауыл шаруашылығына көмек әдебиет»  бөлімінде  мал шаруашылығы, егін алқабы,  жер өңдеу туралы әдебиет орналасты. Қатысушыларды  «Кәмшат» атты кітап қызықтырды. Бұл басылымды белгілі механизатор К. Дөненбаеваның балалары жарыққа шығарған. Барлық фотосуреттер  отбасылық жеке архивтен алынған, және кітап 500 дана болып жарық көрген.  Сондай-ақ,  ауданымызда қызмет атқарған, биыл торқалы 85 жасқа толып отырған  В.В. Сидорованың өмірбаяны жазылған кітап сұраныста  болды.

 Көрмені тамашалап танысқан қонақтар көп болды.  Барлығы шамамен 135 адам. Көрмеде болған  барлық әдебиет аудандық орталық кітапхананың қорында бар, толығымен танысам деушілерге есігіміз ашық!  

Пікір үстеу

Skip to content