Тіл байлығы – ойымыздың байлығы.

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 2017 жылдан бастап Қазақстан халқының Тілдер күні 5 қыркүйек болып бекітілген. Бұл күн бекерден алынбаған, қазақтың қоғам қайраткері, ұлт жанашыры, қазақ әліпбиінің авторы Ахмет Байтұрсыновтың туған күні. Аудандық орталық кітапханасында кеңінен безендірілген «Ұлы дала елі. Страна Великой степи» атты кітап көрмесі орын алған. Көрменің бір бөлігі тіл саясатына бағытталған. Мереке қарсаңында кітапханашы Корякина Н.О. кітапханаға келген оқырмандарға кітап көрмесіне шолу жасап, ұлт сауаттылығы, тіл саясаты туралы, Ахмет Байтұрсыновтың өмірі және шығармашылығы туралы ақпарат берді.

Пікір үстеу

Skip to content