«Кітапхана достарына ашық есік…»

19 наурызда Бейімбет Майлин ауданының орталық аудандық кітапханасы өз оқырмандарына есігін айқара ашты. Бұл күн  кітапхана қызметкерлері және оқырмандары үшін тарих болып қалары сөзсіз. Себебі, 2020 жылдың дәл осы күні  кітапхана карантиндік шараларға байланысты көпшілік іс-шаралардың форматын өзгерткен болатын. Бір жыл бойы іс-шаралар онлайн режимінде өткізілді. Іс-шараның қонақтары біздің тұрақты оқырмандарымыз, әлеуметтік серіктестеріміз және біздің әріптестеріміз болды. Орталық аудандық кітапхананың кітапханашысы Нина Олеговна Корякина жылдың мерейтойлық даталарына арналған кітап көрмелеріне шолу жасады. Іс-шара Наурыз мейрамы қарсаңында өтті, сондықтан «Наурыз – жаңару мерекесі» тақырыптық сөресінде ұсынылған әдебиеттерге ерекше назар аударылды. Қонақтарға жылы лебіз білдіре құттықтау хаттары табысталды. Ауданның 85 жылдығына арналған «Жүрекке жылы – аудан орталығының орталық алаңы» жаңа хронограф басылымның таныстырылуы  өтті.  Басылым авторы және құрастырушысы библиограф С.Н. Король салтанатты түрде басылымды Бейімбет Майлин атындағы аудандық тарихи-өлкетану музей басшысы  С.А. Рудикке табыстады. Жиналғандар үшін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған аудандық Өнер мектебі тәрбиеленушілерінің авторлық жұмыстарының көрмесімен танысуға тамаша мүмкіндік болды.

Пікір үстеу

Skip to content