Кітап арқылы ежелгі өнер әлеміне шолу

“Рухани жаңғыру” бағдарламасының “Ұлы Даланың ежелгі өнер және технологиялар мұражайы” жобасы аясында және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аудандық орталық кітапхана қызметкерлері “Зергерлік өнер сыры” атты бейне саяхат жұмысын әзірледі.. Жұмыста Л.Әденованың 2018 жылы “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында жарық көрген “Зергерлік өнер нышандары”атты кітабы ұсынылды. Қазақтың зергерлік өнері – бұл дәстүрлі мәдениеттің көркем және көрнекті саласы. Ертеде шебер зергер болу құрметті деп саналды. Қолдан жасалған бұйымдар ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырды. Кітапта табиғи материалдардан жасалған зергерлік бұйымдар көрсетілген. Керемет сәндік бұйымдар тастан, былғарыдан, жануарлардың мүйіздерінен, сонымен қатар күміс, алтын, мыстардан жасалған. Әр зергерлік бұйымның өзіндік сипаты, мақсаты болған. Бейне жұмыс қалың оқырмандарға арналған. Іс-шараны толығымен төмендегі сілтемелер арқылы тамашалауға болады.

https://ok.ru/video/2849309069748

Пікір үстеу

Skip to content