Майский модельдік кітапханасы – үздік ауылдық маңызы бар мемлекеттік кітапханасы.
2018 жылдың 21 – 22 мамыр аралығында Астана қаласында «Рухани қазына – 2018» мәдениет және өнер саласы қызметкерлері және ұжымдарының Республикалық фестивалі өтті. Фестивальға қатысу облыстық деңгейде іріктеуден өткен жеңімпаздарға бұйырды. Таран аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің Майский ауылдық кітапханасы, кітапханашы Вакуленко Галина Станиславовна, «Үздік ауылдық маңызы бар мемлекеттік кітапхана» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, Астана қаласына баруға жолдама алып қатысып келді. Галина Станиславовна мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлынан Алғыс хат алды.
2018 жылдың 24 мамырында Е. Өмірзақов атындағы облыстық филармониясының күмбез залында Қостанай облысының мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекеге арналған форумы өтті. Форумға мемлекеттік мекемелер басшылары, «Рухани қазына – 2018» мәдениет және өнер саласы қызметкерлері және ұжымдарының арасында өткен байқаудың жеңімпаздары, мәдениет саласының еңбек ардагерлері, құрметті облыс азаматтары, БАҚ қызметкерлері қатысты. Форум барысында салтанатты түрде «Рухани қазына – 2018» мәдениет және өнер саласы қызметкерлері және ұжымдарының арасында өткен байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Таран аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің Майский ауылдық кітапханасының кітапханашысы Вакуленко Галина Станиславовна, «Үздік ауылдық маңызы бар мемлекеттік кітапхана» номинациясы бойынша облыс әкімі А. Мұхамбетовтың атынан дипломмен марапатталып, құнды сыйлық – көп функциялы құрылғысына ие болды.