Тағдырыма ризамын..!
Таран аудандық орталық кітапханасының ұжымы Алғыс күні қарсаңында өздерінің арасында дөңгелек үстел ұйымдастырды. 1 наурыз – Алғыс күні Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылған күнімен тұспа тұс келіп тұр. Әріптестер өздерінің тағдырлары туралы, ұлттық салт-дәстүрлері туралы сөз етті. Ең бастысы Елбасының көріпкел саясатының арқасында бейбіт елде еңбек етіп, ұрпақ тәрбиелеп отырғандары үшін риза екендіктерін білдірді. Іс-шара барысында өлеңдер оқылды, әндер айтылды, әр ұлттың тағамдарының жасалу тәсілдерімен бөлісті. «Әр ұлттың өкілдері қызмет атқарып отырған біздің ұйымшыл ұжымымызды біріктіретін керемет мереке», – деп арнайы атап өтті мекеме басшысы Г. Асанова. Осындай іс-шаралар, шынымен де әріптестерді біріктіреді, жүректеріне жылы сенім ұялатады. Отырыс Б. Окуджаваның «Как здорово, что все мы здесь сегодня собрались!» деген әнін бірге орындаумен аяқталды.