Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Совет Одағының батыры, Қазақстанның халық қаһарманы – Сағадат Нұрмағамбетовтың атқарған Міндеті, Абыройы, Ерлігі, Даңқы.
8 мамыр күні Таран аудандық кітапханасының оқу залында Ұлы Жеңіс күніне арналған «Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Совет Одағының батыры, Қазақстанның халық қаһарманы – Сағадат Нұрмағамбетовтың атқарған Міндеті, Абыройы, Ерлігі, Даңқы» атты ауызша журнал өтті. Іс-шара кітапхананың серіктестері – аудандық қорғаныс бөлімінің қызметкерлерінің тапсырысы бойынша ұйымдастырылды. Бірінші бөлімі журналдың Сағадат Қожахметұлының балалық шағына арналса, екінші бөлігі еңбек жолына арналды. Үшінші бетінде журналдың Батырдың жігерлігі, Отансүйгіштігі, ерліктері туралы айтылды. Іс-шара қалың оқырманға арналып өткізілді. Халық қаһарманы – Сағадат Нұрмағамбетовтың өмірі өскелең ұрпаққа үлкен өнеге.