Ауданымыздың құрдастары
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен бірге Бейімбет Майлин ауданы да өзінің 85 жылдық мерейтойын атап өтпек. Осы елеулі оқиғаларға байланысты аудан кітапханалары түрлі іс-шаралар өткізіп келеді. Орталық аудандық кітапхана қызметкерлері белсенді оқырмандарымен тақырыптық кездесулер өткізуде. 20 тамыз күні Дмитриенко Валентина Андреевна және Әлімбаев Досымбек ағай кітапхана қонақтары болды. Екі оқырманымызда биыл мерейлі 85 жылдықтарын атап өтті, ауданымыздың нағыз құрдастары, ауданның дамуына үлес қосқан азаматтар. Белсенді оқырмандарымызға, кітапханалық «Встреча» клубының мүшелері ретінде зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілей отыра шағын сый-құрмет көрсетілді.