Аудан орталығында Оқу және шығармашылық орталығы ашылды.
2021 жылдың 20 желтоқсанында салтанатты түрде Аудандық балалар кітапханасы тұсынан Оқу және шығармашылық орталығы ашылды. Іс-шара Балалар мен жасөспірімдерді оқуға баулу жылы шеңберінде өтті және де Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына арналды. Қонақтар: аудан әкімінің орынбасары Манасова Назгүл Асқарқызы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Кучинская Юлия Владимировна, аудан маслихатының хатшысы Сапабеков Сүндетбай Сәлімжанұлы. Сондай-ақ, аудан мекемелерінің басшылары және кішкентай оқырмандар, С.Ерғалиев атындағы орта мектептің 3-сынып оқушылары болды. Оқу және шығармашылық орталығының тұсауын керу құқығы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Кучинская Юлия Владимировнаға және аудандық балалар кітапханасының белсенді оқырманы Ғазиз Алдиярға берілді. Қазақтың салты бойынша мерекелік Шашу шашылды. Қонақтарға оқу және шығармашылық орталығы мен аудандық балалар кітапханасы бойынша экскурсия өткізілді. Орталық замануи техникалармен жабдықталған: компьютерлер, ноутбук, телевизор, телефон, Ғаламторға қосылған. «Ойын секторы» қызмет көрсетеді, шығармашылық әдебиетпен безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылған. Балаларға ою-өрнектер қиюдан шеберлік сабағы көрсетілді. Бейімбет Майлин ауданында заманауи «Оқу және шығармашылық орталықтың» ашылуы оқуға және шығармашылыққа деген қызығушылықтың дамуына ғана емес, сонымен қатар өзінің кіші Отанына, оның тарихына, мәдениеті мен дәстүрлеріне деген сүйіспеншілік, мақтаныш пен адалдықтан көрінетін шынайы патриотизм сезімін дарытуға ықпал етеді.