Абай есімі – ел есінде мәңгілік.
10 тамыз – Абай күніне орай, аудандық орталық кітапхананың оқу залында «Абай – дара тұлға» атты аудандық байқауы өтті. Әдебиет сүйер оқырман қауымға аталмыш іс-шараны Елубай Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйі және аудандық кітапхана жүйесі қызметкерлері ұйымдастырды. Абай атамыздың әрбір шығармасы қай кезде болмасын өзіндік өзектілігін жоғалтқан емес, жоғалтпайды да. Осыған дәлел, байқауға қатысушылардың Ұлы жазушының еңбектерін дәріптеуі.
Іс-шараның мақсаты- Ұлы ағартушы, реформатор, ақын, композитор Абайдың шығармаларын қалың жұртқа насихаттау. Байқауға ауданның әр өңірінен 6 қатысушы қатысты.
Байқау нәтижесі бойынша 1 орынды Байшуақ ауылынан келген кітапханашы Әбілда Мақпал иеленді. Әртістік шеберлігімен көзге түскен Май ауылының тұрғыны Овчинникова Диана 2 орынды иеленді. 3 орынды Тобыл кентінен Нұрсеитова Маржан иеленді. Барлық қатысушыларға Алғыс хат пен сыйлықтар табысталды.