Отбасы – ең басты құндылық!

 11 жыл бой елімізде қыркүйек айында Отбасы күні аталып өтеді. Осы мереке қарсаңында аудандық орталық кітапхананың оқу залында «Бақытым менің – отбасым» атты іс-шара өтті. Мақсаты – отбасылық құндылықты қалыптастыру, ата-ана және балалар арасында құрмет орнату.

 Қонақтарға кітапханашы Н. Корякина кіріспе сөзінде отбасы туралы нақыл сөздер айтып, арнай шақырылған Юдиндер отбасымен таныстырды. Григорий және Алина жас отбасы, екі бала тәрбиелеп, ауданда ұстаздық қызметін атқарады. Салауатты өмір салтын дәріптейтін отбасы өздерінің отбасы туралы, ұстанымдары туралы айтты. Сондай-ақ, ойын түрінде құндылықтар жазылған кірпіштерден шаңырақ көтерілді. Бұл ойынға барлық қатысушылар атсалысты.  Қатысқан және шақырылған қонақтар жақсы көңіл-күймен тарасты.

Добавить комментарий

Skip to content