Жазушының шығармаларын насихаттаймыз

      2024 жылдың 16 қазан күні аудандық орталық кітапханасында жерлесіміз, белгілі драматург, жазушы Бейімбет Жармағамбетұлы Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай аудандық «Майлин оқулары» байқауы өтті. Байқауды ұйымдастырушы – «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ. Аталмыш байқау «Үміт -2050» қоғамдық қоры және аудандық орталық кітапхананың қолдауымен өткізілді.   

«Майлин оқулары» байқауына Ереже бойынша 19 жастан жоғары аудан тұрғындары қатысты. Қатысушылар жазушының проза жанрында жазылған шығармаларынан үзінділер оқыды.

Ауданның 7 ауылдық округінен 13 адам қатысты. Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталды:

19-35 жас аралығында:

1 орын – Бірлестік Шынар,  Валерьянов ауылы;

2 орын – Нұрмұратова Әсемай Жайлханқызы, Байшуақ ауылы;

3 орын – Алтай Индира  Игілікқызы, Тобыл кенті.

 36 – жоғары жас санаты бойынша:

1 орын – Зыбалева Айман Астановна,  Әйет ауылы;

2 орын – Ізбасарова Жанар Пайзуллаевна, Байшуақ ауылы;

3 орын – Утетлеева Жазира Абдигалимовна, Байшуақ ауылы.

Жеңімпаздарға Мадақтама және бағалы сыйлықтар табысталды. Барлық қатысушыларға Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Добавить комментарий

Skip to content