Кітапханашы күні

        2024 жылдың 22 қазан күні  облыс орталығындағы  Оқушылар Сарайында  кітапханашылардың кәсіби мерекесі – Кітапханашы күні  салтанатты түрде аталып өтті. Жиынға облыстың кітапханашылары, кітапхана саласының ардагерлері қатысты.

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Р. З. Мұхаметқали салтанатты жиында  сөз сөйлеп, кітапханалардың қазіргі қоғамдағы маңыздылығын атап өтті. Ол кітапханалар қазіргі кезде тек кітап қоймалары ғана емес, сонымен қатар әркім ғылым мен білімге қол жеткізе алатын мәдениет орталықтары екенін сөз етті.  

Мерекелік іс-шараның ең маңыздысы –  ерекше еңбектері үшін көзге түскен және түрлі байқаулардың жеңімпаздары атанған кітапханашыларды  марапаттау сәті болды.

Бейімбет Майлин ауданының кітапхана жүйесінен аудандық орталық кітапхананың библиографы Король Светлана Николаевна облыс әкімінің Грамотасымен марапатталды. Әріптестері Светлана Николаевнаны  марапатымен құттықтап, шығармашылық табыс тілейді!

Добавить комментарий

Skip to content