Skip to content

Бейімбет Майлин ауданы кітапханаларының жұмыс нәтижесі, бағыттары және жетістіктері.

26 ақпан күні аудандық орталық кітапхананың оқу залында кітапханашыларға арналған «Кітапханалық  көрініс: жұмыс қорытындысы және жаңа бағыттар» атты семинары өтті. Мекеме басшысы Г. Асанова және әдіскер Н. Ищенко 2024 жылғы жұмыстың қорытындысын шығарып,  2025 жылға арналған жұмыс бағытын айқындап берді.

      «Кітапханалық жинақ: кітапханалық іс-шаралар түрлері» ( тәжірибелермен бөлісу) – семинар жұмысының негізгі бағыты болды. Өлкетану тақырыбында басылым шығару бойынша тәжірибесімен Береговой ауылдық кітапханасының кітапханашысы Г.Устич бөлісті. Кітапханадағы іс-шарада ойын элементтерін қалай пайдалануға болатыны туралы, эрудит-шоу  ойыны мысалында Тобыл ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж. Ізтілеу айтып өтті. Қызығушылықпен өткен «Библио-кафе» іс-шарасы туралы Майский үлгілі кітапханасының кітапханашысы С. Король бөлісті. Семинарға қатысушылар өз жұмыстарына пайдаланатын көптеген тың ақпарат алды.

    2024 жылдың жұмыс нәтижесі бойынша Тобыл ауылдық кітапханасы жүйедегі кітапханалар арасында «Үздік» деп аталып, кітапхананың қызметкерлеріне Мадақтама және естелік сыйлық табысталды.

Добавить комментарий