БиблиоОскар-2025

2025 жылы 19 желтоқсанда аудандық балалар кітапханасында жылдың қорытынды іс-шарасы — «БиблиоОскар – 2025» атты салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты — оқырмандық мәдениетті арттыру және балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін кеңінен насихаттау. Жыл бойы кітапханашылар балалардың кітапқа және оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру мақсатында заманауи әрі дәстүрлі кітапханалық жұмыс түрлерін жүйелі түрде қолданды.

Өтіп бара жатқан жылды қорытындылай келе, кітапхана кітапты шын жүректен сүйіп оқитын, кітапхана өміріне белсене қатысқан ең белсенді әрі бастамашыл оқырмандарды марапаттадық.

Марапаттау рәсімін Б.Майлин аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ басшысы салтанатты түрде өткізді.

Жыл қорытындысы бойынша төмендегі номинациялар иегерлері анықталды:

«Белсенді сынып» — С. Ерғалиев атындағы орта мектептің 7-сынып оқушылары және сынып жетекшісі Сапабекова А. С.;
«Оқитын сынып» — Б. Майлин атындағы орта мектептің 3 «А» сынып оқушылары және сынып жетекшісі Серых О. В.;
«Отбасымен бірге оқимыз» — Мулдашевтер отбасы;
«Жылдың ең белсенді оқырманы» номинациясы Б. Майлин атындағы орта мектептің 7 «В» сынып оқушысы Седых Анастасияға табысталды.

Сондай-ақ аудандық балалар кітапханасының іс-шараларына белсене қатысқаны үшін С. Ерғалиев атындағы орта мектептің 5-сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Абдина А. Е. Құрмет грамотасымен марапатталды.

Іс-шараның мерекелік атмосферасын кітапхана оқырмандары Берік Айару мен Саукен Айару домбырада орындаған әсем музыкалық шығармалар толықтырды.

Мулдашевтер отбасынан Малика шығармашылық нөмірмен өнер көрсетіп, С. Михалковтың «Дом книги» атты өлеңін мәнерлеп оқыды.

Іс-шара жылы әрі салтанатты түрде өтіп, қатысушылар мен қонақтарға ерекше әсер қалдырып, алдағы уақытта кітап оқуға деген ынтасын күшейттік.

Қатысушылар саны 30.

Добавить комментарий

Skip to content