Шексіз Алғыс

25 ақпанда Орталық аудандық кітапхананың оқу залында «Встреча» клубының «Шексіз Алғыс» атты Алғыс айту күніне арналған кезекті отырысы өтті.

Алғыс айту күні бізге құрмет, қамқорлық және өзара көмек сияқты маңызды құндылықтарды еске салады. Қазақстан тарихында қиын-қыстау жылдары көптеген ұлт өкілдері туған жерінен жырақта қалып, қазақ жерінен пана тапты. Қазақ халқы оларға баспана, ас-ауқат ұсынып, жан жылуын сыйлап, шынайы адамгершіліктің үлгісін көрсетті. Бүгінде бұл күн – ұлтаралық татулық пен достықтың символы, еліміздің күші халық бірлігінде екенін айқындайтын мереке.

Кездесу жылы жүздерге, жүрекке жылы сөздерге және кішкентай болса да маңызды қамқорлық көріністеріне толы болды. Қатысушылар бір-бірін бағалаудың, жанымыздағы жандарға алғыс айтудың маңыздылығы туралы ой бөлісті.

Әңгіме барысында ұрпақтар сабақтастығы тақырыбы қозғалды. «Көшпенділер» романында Ілияс Есенберлин бейбітшілік пен тәуелсіздіктің қандай қиын жолмен келгенін ой елегінен өткізуге мүмкіндік берсе, «Тағдыр» шығармасы Қабдеш Жұмаділовтің туған жерден жырақта жүріп, ұлттық мәдениет пен дәстүрге адал болған жандардың тағдырын еске салды.

Сондай-ақ кездесуде Эдуард Асадов пен Лариса Рубальская өлеңдері оқылды.

Достыққа толы басқосу шай үстінде жалғасып, шынайы әңгімелер мен жылы естеліктерге ұласты.

Бұл күн бізді тек 1 наурызда ғана емес, әрдайым жақсылық жасауға, алғыс сөздер айтуға және жақын жандарға қамқор болуға шабыттандырсын!

📌 Қатысқандар саны: 7 адам.

Добавить комментарий

Skip to content