10 регион предпоЧИТАЕТ

2026 жылдың 4 наурыз күні кітапханамызда Әлемдік дауыстап оқу күні аясында іс-шара өткізілді. Жыл сайын наурыз айының алғашқы сәрсенбісінде бүкіл әлемде кітап пен оқуды сүйетін жандарды біріктіретін бұл мереке аталып өтеді. Осы маңызды күнге орай Ыбырай Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы «10 регион предпоЧИТАЕТ» акциясын жариялап, кітапханамыз аталған акцияға белсенді түрде қатысты.

Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына арналған «Ұлы дала ұстазы = Учитель Великой степи» атты жылы әрі шығармашылық әдеби кеш өтті.

Іс-шараға Сапар Ерғалиев атындағы мектептің оқушылары қатысты. Кездесудің құрметті қонағы аудандық соттың төрағасы Серик Боранбаевич Сергазин болды.

Іс-шара барысында қатысушылар ұлы ағартушының өмірбаяны мен шығармашылығымен танысты. Ыбырай Алтынсариннің шығармаларын дауыстап оқу ерекше орын алды. Оқушылар оның әңгімелері мен өлеңдерін, сондай-ақ тағылымды туындыларын мәнерлеп оқыды.

Кештің мазмұнын байытқан қызықты әрі символдық сәттердің бірі – «Автор орындығы» форматы болды. Ыбырай Алтынсариннің рөлін Сергазин С. Б. сомдап, жас ұрпаққа арнап жүрекжарды тілегін білдіріп, білімнің, еңбектің және рухани құндылықтардың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара соңында қатысушыларға «10 регион предпоЧИТАЕТ» акциясына белсенді қатысқаны үшін аудандық балалар кітапхана атынан алғыс хаттары табысталды.

Акцияға барлығы 10 адам қатысты.

Добавить комментарий

Skip to content