Дроппер

11 наурыз күні аудандық Мәдениет үйінде Орталық аудандық кітапхананың қызметкерлері «Дроппер» фильмін тамашалауға қатысты.

Фильм бүгінгі таңда өзекті болып отырған интернет-алаяқтық және адамдарды қылмыстық әрекеттерге тарту мәселесін көтереді. Көрсетілімнен кейін қатысушылар фильмнің мазмұнын талқылап, қазіргі цифрлық әлемде сақтық пен жауапкершіліктің маңыздылығы туралы тағы да ой бөлісті.

Осындай іс-шаралар тек заманауи кинотуындылармен танысуға ғана емес, сонымен қатар қазіргі қоғамдағы маңызды әлеуметтік мәселелерге назар аударуға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Skip to content