Қош келдің, әз Наурыз!
Аудандық балалар кітапханасында Наурыз ұлттық мерекесіне орай «Қош келдің, әз Наурыз!» атты іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шара қазақтың ұлттық ойын элементтерімен өткізілді.
Кездесу барысында оқушыларға Наурыз мейрамының шығу тарихы, оның мәні мен мағынасы, сондай-ақ ұлттық дәстүрлер мен мерекелік нышандары туралы мағлұмат берілді. Әсіресе, Наурыз мейрамын тойлау кезіндегі қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына ерекше көңіл бөлінді.
Іс-шара бағдарламасы қызықты әрі мазмұнды өтті. Балалар қазақтың ұлттық ойындары — арқан тарту, асық ату, тоғызқұмалақ ойындарына ерекше ықыласпен қатысып, өздерінің ептіліктері мен белсенділіктерін көрсетті. Бұл ойындар балалардың ұйымшылдығын арттырып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Мереке жылы әрі көтеріңкі көңіл күйде өтті. Қатысушылар жақсы әсер алып, ұлттық мәдениет пен дәстүрлер туралы білімдерін толықтырды. Іс-шара соңында балаларға мерекелік дастархан ұсынылды.
