18 қазан-Рухани келісім күні!
Рухани Келісім Күні қарсаңында аудандық кітапханашылар көпшілік оқырмандарға, сондай – ақ жастарға “Мемлекеттің рухани тірегі-Духовная опора государства”атты дін сағатын өткізді.
Іс-шараға аудандық “әйел” мешітінің имам көмекшісі Жандос Құсайынов, православ шіркеуінің приходшысы Любовь Лигостаева шақырылды. Кездесуге қатысушылар алдында ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанна Климова мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Раиса Овчарова сөз сөйледі.
Қатысушылар Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың толеранттылық пен өзара құрмет идеяларын ілгерілету жөніндегі ауқымды бастамалары туралы хабардар етілді: Дүниежүзілік Рухани келісім конгресі, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері, Дүниежүзілік рухани мәдениет форумдары туралы.
Дәстүр бойынша кітапханашы “Рухани келісім – татулық тұғыры – Рухани бірлік – келісім негізі”атты кітап көрмесіне шолу жасады.