«Сөз құдіреті» аудандық байқауы мәресіне жетті.
2023 жылдың 27 наурызы күні Аудандық балалар кітапханасының оқу залында облыстық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауының аудандық кезеңі өтті.
Байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп, Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнімен ұштастырылды. Байқау тақырыбы: «Қазақстандық авторлардың прозалық шығармалары». Сонымен бірге байқауға таңдалатын туынды Қазақстандық жазушылардың мектеп бағдарламасына кірмейтін (жасөспірімдер үшін жазылған туындылары немесе балалар мен жасөспірімдер әдебиеті шеңберіне енген шығармалар) шығармаларымен шектелді. Байқауға 12-13 жас (шарт бойынша) аралығындағы мектеп оқушылары қатысты. Байқаудың негізгі мақсаттарының бірі: жасөспірімдердің қазақстандық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуды дәріптеу, актерлік шеберлігін шыңдау, өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік беру болып табылады.
Байқауға қатысуға жалпы 17 оқушы өтінім берді. Байқауда балалар Г. Бельгер, Т.Әбдіков, Ю. Серебрянский, Т.Абдраим, А.Баянды, Ә.Қалдыбаев және тағы бірқатар авторлардың шығармаларын мәнерлеп оқыды.
Балалардың өнерін «Аудандық мәдениет және тілдерді оқыту бөлімі» ММ маманы А.Ж.Асанова, «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің тілдерді дамыту орталығы» КММ әдіскері Г.Қ.Бобжикова, «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ кітапханашысы Н.О.Корякина сынды қазылар алқасы бағалады. Балалардың өнерін бағалау оңайға түскен жоқ, дегенмен сайыс бар жерде жеңіс те, жеңіліс те бар. Қазылар алқасының шешімімен балаларға жүлделі 3 орын мен 4 номинация берілді.
Қалған оқушылар байқауға қатысқаны үшін Алғыс хаттар және естелік сыйлықтармен марапатталды.