Бәрі де еңбек туралы…
Қазақстанда қыркүйек айының соңғы жексенбісі Қазақстан Республикасының Түңғыш Президентінің Жарғысымен Еңбек күні деп белгіленген. Осы орайда, 22 қыркүйек күні Бейімбет Майлин ауданының орталық кітапханасында «Бәрі еңбек туралы…» деген атаумен дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты – еңбектің адам өміріндегі маңызы туралы түсінігін ашу.
Дөңгелек үстелге әр салада ауданымыздың дамуына үлестерін қосып жүрген адамдар қатысты. Барлық қатысушыларды біріктіретін қағида – өз мамандығына, отбасына, еліне деген сүйіспеншілік.
Қонақтар ретінде сөз сөйлеген:
-Асқаров Әлішер Қасымханұлы, Бейімбет Майлин аудандық прокуратурасының аға прокуроры;
– Овчарова Раиса Сергеевна, ардагерлер кеңесінің төрайымы;
– Құлжанова Светлана Темерқанқызы, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы;
– Серғазин Серік Боранбайұлы, аудандық сот төрағасы;
-Түркен Айтқали, Әйет мешітінің наиб имамы;
– Рудик Светлана Алексеевна, Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің басшысы;
– Сейденов Еркебұлан Айыпұлы, төтенше жағдай бөлімі басшысының м.а;
– Ярушко Наталья Анатольевна, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы;
– Мальчевская Людмила Константиновна, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы;
– Зыбалева Айман Астанқызы, Е. Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйінің басшысы;
Дөңгелек үстел барысында адам үшін еңбектің не екені, оның түсінігі, мәні сияқты тақырыптар талқыланды. Кездесуге қатысушылар қызмет саласына қарай еңбек мәселелерін талқылады. Диалог қызықты әрі нәтижелі болды. Қорытындылай келе, қатысушылар кәсіби қызметте бір-біріне сәттілік тіледі.