Көктем. Кітапхана. Кітап.
Көктем – бұл өмірлік салаларға әсер ететін өзгерістер уақыты, айналада энергия мен жылулық толатын уақыт! Бұл өзгерісті шабыттандыратын және болмыстың жеңілдігі мен қуанышын тудыратын кітаптарды жақсы көретін және оқитын уақыт.
22 мамыр күні, аудандық кітапхана қызметкерлері “Кітапханалық көктем” атауымен мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орайластырылған іс-шарасын өткізді.
Кітапханаға кіре берісте іс-шара қонақтарын Тобыл ауылдық және балалар кітапханаларының кітапханашылары ұсынған Қазақ ұлттық орталығы қарсы алды. Қонақтардың назарына киіз үй экспозициясы ұсынылды, ұлттық тағамдармен дастархан жайылды, қазақ халқының мәдениеті, тұрмысы, салт-дәстүрлері көрсетілді.
Байшуақ ауылдық кітапханасының кітапханашысы келген қонақтарды «Бір ел – бір кітап» акциясы шеңберінде таңдалған жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасы бойынша көрме әзірлеп, үзінді көрсетті. Қойылымды кітапхананың белсенді оқырмандары – ұстаз Утетлеева Жазира Абдигалимовна және оқушылар Жақып Нұрдидар, Мұрат Рахым сомдай білді.
Кітапхананың оқу залында барша жиналған кітап сүйер қауымды аудандық балалар кітапханасы ұйымдастырған экологиялық тақырыпта «Жер шары – ортақ үйіміз» атты ойын-сауық-танымдық бағдарламасы қарсы алды.
Қонақтар “Экологиялық тілектер ағашы” акциясына қатысты, онда ағаштардың қағаз жапырақтарына аудандағы және ауылдағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша өз кеңестері мен тілектерін жазды.
“Кітапханалық аурухана” жұмыс істеді, онда барлық келушілер өздерінің қан қысымын, салмағын біліп, дәрумендер алып, емдік шөп шайларын іше алады. Орталық аудандық кітапхананың “кітапхана дәрігерлері» «Денсаулық және ұзақ өмір құпиялары” атты тақырыптық кітап көрмесінде ұсынылған әдебиеттермен таныстырды.
Май ауылдық кітапханасының кітапханашысы іс-шара қонақтарына кітаптар бойынша “БиблиоМантра” түрінде қонақтарға шамның жарығымен болжам жасап келуші қонақтарды риза қылды.
Новоильиновка ауылдық кітапханасының кітапханашысы жас оқырмандарға және іс-шараның барлық қатысушыларына “Алдар көсенің сиқырлы шапаны” ертегісін және басқа да ертегілерден театрландырылған қуыршақ қойылымын ұсынды. Ертегілердің қуыршақ кейіпкерлерінің бейнелерін кітапханашы Г. В. Смулянская өз қолымен қалай жасалатыны туралы айтып өтті.
Бұл күні іс-шара қонақтары көптеген танымдық білім алып, ойындар мен викториналарға қатысып, емдік шай ішіп, кітаптардан болжам алып, қуанышты әсермен тарасты! Алған әсерлерін қонақтар арнайы безендірілген фотоаймақта суретке түсу арқылы естелік жасады..
Іс-шараның өтуіне үлкен үлес қосып көмектерін көрсеткен Елубай Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйінің өнерпаз әріптестеріне алғыс білдіремізІ