«Менің тағдырым – кітапхана»: Бегимбаева Роза Әжіғалиқызы
көптеген жылдар аудандық кітапхана жүйесінің Тобыл ауылдық кітапханасында кітапханашы болып қызмет атқарды. Қызмет барысында мекеме басшысының, аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған. Эстетикалық талғамы бай, ойы зерек, білікті де білімді, жаңалыққа жаны құмар кітапханашылар – қасиетті қазынамызды көзінің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне ұсынып жүрген ең қажетті мамандық иелері десек, артық айтқандық болмас. Солардың бірі, оқырмандардың жүрегіне жол таба білген білікті маман иесі – Бегимбаева Роза Ажигалиевна.
Кітапханалық еңбек жолын 1977 жылы Қайранкөл ауылдық кітапханасынан бастайды.
1985 – 1987 жылдары Арқалық қалалық кітапханасында қызмет атқарады. Еңбектен қол үзбей жүріп 1987 жылы Ақтөбе мәдени-ағарту училищесінің кітапхана ісі бойынша мамандығын игереді. Отбасылық жағдайына байланысты Таран ауданына (қазіргі Бейімбет Майлин ауданы) қоныс аударып, 2010 жылдан Тобыл ауылдық кітапханасына орналасады.
Қызметіне адал, жауапкершілігі мол Роза Ажигалиевна кітапхана басшысының, аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған. 2018 жылдың қазан айынан бастап Роза Ажигалиевна зейнеткерлік демалыста.
Өмірде өз жүрек қалауымен таңдаған мамандығы бойынша еңбек етіп, рухани рахатқа бөленетін жандар аз емес. Біз осындай бақыттылар қатарына Роза Ажигалиевнаны да қосамыз.