«Тәуелсіздіктің алғашқы қадамы» атты тарих сағаты
2025 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толып отыр. Бұл тарихи құжат 1990 жылдың қазан айында қабылданып, еліміздің саяси, экономикалық және мәдени дербестігін жариялады.
Осы атаулы датаға орай 22 қазанда орталық аудандық кітапхананың оқу залында «Тәуелсіздіктің алғашқы қадамы» атты тарих сағаты өтті. Іс-шараға мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен ауданның жұмысшы жастары шақырылды.
Кітапхана жүйесінің басшысы Асанова Г.Ж. бұл тарихи құжаттың еліміздің тәуелсіздікке жету жолындағы алғашқы маңызды қадам болғанын атап өтіп, Республикамыздың қалыптасуының негізгі кезеңдеріне тоқталды.
Іс-шара қонақтары сол уақыттағы оқиғаларды еске алып, тәуелсіздік жылдарында еліміздің қол жеткізген жетістіктері туралы ой бөлісті. Кітапхананың белсенді оқырманы Зыбалева А.А. туған өлке мен Отан туралы өз жүрекжарды өлеңдерін оқыды.
Барлық қатысушылар ел Президентінің көреген саясатының арқасында елімізде бейбітшілік пен келісім, тұрақтылық пен өркендеу орнағанын бірауыздан атап өтті.
Іс-шараға қатысқандар саны — 21 адам.



