Масленицаның үшінші күні – «Лакомка»

Масленицаның үшінші күні – «Лакомка». Дәл осы күні Май ауылдық модельді кітапханасында «Отдохнуть настало время» клубының мүшелері бас қосты.

«Жақсы құймақ дәстүрі» атты самауыр жанындағы отырыс жылы, шынайы атмосферада өтті. Масленица дастарханының басты тағамы құймақ болды: жай құймақтар және салмасы бар, яғни ішіне түрлі дәм қосылған құймақтар ұсынылды. Сондай-ақ Асия Нұрсұлтанқызы дайындаған хош иісті шай мен бауырсақтар дастарханның сәнін келтірді.

Кітапханашы «Құймақ викторинасын» өткізіп, қатысушылар құймақ туралы көне мақал-мәтелдерді еске түсірді. Көңілді жағдайда Масленица туралы әзіл әндер де айтылды.

Бұл отырыс қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, көктемнің жақындап келе жатқанына сенім ұялатты.

Добавить комментарий

Skip to content