Рахмет, оқырман!

Алғыс айту күні қарсаңында, биыл елімізде 10-рет аталып өтіп отырған мереке аясында кітапханамызда «Рахмет, оқырман!» атты жылы да жүрекке жақын акция ұйымдастырылды.

📚 Алғыс айту күні — жыл сайын 1 наурызда Қазақстан Республикасында атап өтілетін бірлік, өзара құрмет пен ризашылық мерекесі.

Осы ерекше күні біз кітапхана жұмысының басты кейіпкерлері — қадірлі оқырмандарымызға шынайы алғысымызды білдіруді жөн көрдік.

Бұл күні кітапханаға келген әрбір оқырманға шағын тәтті сыйлық — жылы лебіз жазылған ашықхат, жүрек пішіндес кәмпит және әдемі кітап бетбелгісі табысталды. 🍬❤️

Аталған акция біздің келесі үшін білдірген алғысымыздың белгісі болды:

✨ кітап оқуға деген сүйіспеншілік

✨ кітапқа деген қызығушылық

✨ кітапханаға деген адалдық

✨ іс-шараларымызға белсенді қатысу

Біз әрбір оқырманымызды шын жүректен қадірлейміз және сіздердің кітапты, білімді әрі рухани дамуды таңдағандарыңызға қуаныштымыз.

Сіздерге сенімдеріңіз, жылы лебіздеріңіз және әрдайым бізбен бірге болғандарыңыз үшін үлкен рақмет!

Өмірлеріңізде жақсы кездесулер, қызықты кітаптар және алғыс айтуға себеп болатын қуанышты сәттер көп болсын!

Добавить комментарий

Skip to content