🌸 Көктемнің алғашқы шуақты күндерімен бірге ерекше мереке — 8 наурыз да келіп жетеді!

Бұл — жылулық пен мейірімге, шынайы алғыс пен ізгі тілектерге толы күн. Осы күні біз аналарды, әжелерді, әпке-қарындастарды, қыздарды — өмірімізге шабыт сыйлап, қолдау көрсетіп, әлемді мейірімге бөлейтін жандарды құрметтейміз.

📚 Халықаралық әйелдер күніне орай кітапханамызда

«Әдебиеттегі әйел бейнелері» = «Женские образы в литературе» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрме екі тақырыптық бөлімнен тұрады:

✨ Бірінші бөлімде көркем әдебиеттегі нәзік те қайсар, батыл да дана кейіпкерлердің тағдырлары кеңінен таныстырылады. Олардың өмір жолы жүрекке жылу ұялататын, махаббат пен адалдыққа, төзімділік пен табандылыққа тәрбиелейтін туындылармен өрілген. Сондай-ақ мәңгілік әрі қастерлі ана тақырыбына арналған шығармаларға ерекше орын берілген.

🌟 Екінші бөлімде мәдениет пен өнерге өлшеусіз үлес қосқан көрнекті әйелдер туралы әдебиеттер ұсынылған. Олардың қатарында:

Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Сабира Майканова, Роза Әшірбекова, Нүкетай Тышбаева, Амина Өмірзақова, Бикен Римова.

Белгілі ақындардың кітаптары да ұсынылған:

Фариза Оңғарсынова, Марфуга Айтқожина, Мариям Хакімжанова, Нина Полякова, Александра Суслова, Белла Ахмадулина, Марина Цветаева және басқалар.

🌷 Бұл көрме әйел затына деген құрметтің белгісі ғана емес, әр оқырманға шабыт сыйлап, жаңа әдеби жаңалықтарға жол ашатын рухани кеңістікке айналады деп сенеміз.

Кітап көрмесіне келіп, әдебиеттегі әйел бейнесінің ғажайып әлеміне бірге саяхат жасауға шақырамыз!

Добавить комментарий

Skip to content