Қазақстанның Алтын кітабы
«Қазақстанның Алтын кітабы» – еліміздің саяси және іскерлік, қоғамдық қызмет, ғылым, спорт, мәдениет, білім беру және денсаулық сақтау салаларында табысқа жеткен, ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген көрнекті тұлғалар туралы очерктер топтастырылған беделді, көркем безендірілген басылым. Бұл кітаптың әрбір беті өз ісіне адал, кәсібилігімен және еңбегімен Қазақстанның өркендеуіне үлес қосып жүрген жандар жайлы сыр шертеді.
Біз үшін ерекше мақтаныш – Бейімбет Майлин ауданының кітапхана жүйесінің кітапханашы-библиографы Король Светлана Николаевнаның есімі осы мәртебелі басылымға енуі.
Астана күніне арналған аудандық салтанатты іс-шара барысында Светлана Николаевнаға көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсіби біліктілігі және кітапхана ісін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстанның Алтын кітабы» төсбелгісі табысталды.
Ұжым Светлана Николаевнаны осы мәртебелі әрі лайықты марапатымен шын жүректен құттықтайды! Деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық шабыт, толағай табыстар мен кәсіби жетістіктер тілейміз! Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз асқақтай берсін!


