ҰЛЫ АҒАРТУШЫҒА ҚҰРМЕТ

2026 жылғы 15 қазанда Аудандық балалар кітапханасында көрнекті ағартушы, педагог, жазушы әрі ақын Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай «ЫБЫРАЙ ОҚУЛАРЫ» атты мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқау «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында ұйымдастырылды.

Байқауға аудан мектептерінің 5–9-сынып оқушылары қатысты. Сегіз ауылдық округтен келген 18 қатысушы өз өнерлерін ортаға салды.

Барлық қатысушылар байқауға жақсы дайындықпен келіп, көркемсөз оқу шеберліктерін көрсетті. Олар Ыбырай Алтынсариннің үш өлеңінен жатқа оқып, өздерінің әртістік қабілеттерін, әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін және ұлы ағартушының шығармашылық мұрасына деген құрметтерін танытты.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

I орын – Мәлік Саян, Тобыл кентіндегі № 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы;

II орын – Мұрат Айдидар, Байшуақ ауылындағы Набережный жалпы білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы;

III орын – Ганкевич Антон, Майское ауылындағы Май жалпы білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы.

Жеңімпаздарға Грамоталар мен естелік сыйлықтар табысталды. Байқауға қатысқан барлық оқушыларға Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар берілді.

Байқауға қатысушыларды дайындауға атсалысқан барлық кітапханашылар мен ұстаздарға алғысымызды білдіреміз!

Добавить комментарий

Skip to content