Skip to content

Сайыс аяқталып, жеңімпаздар анықталды…


Бейімбет Майлин ауданының аудандық орталық кітапхана қызметкерлері «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін…» деген атаумен ересек оқырмандар арасында онлайн түрінде аудандық мәнерлеп оқу сайысын өткізді. Өткізу мақсаты – Ұлы ақынның рухани құндылықтарын насихаттау, кітапханаға жаңа оқырмандарды тарту. Аудан бойынша 20 қатысушы мәнерлеп Абай атамыздың шығармаларын ұсынған болатын, қазылар алқасы солардың ішінен жеңімпаздарды анықтады: 1 орын – Ақпанбетова Айдана Қайратқызы, Әйет ауылы; 2 орын – Зыбалева Айман Астановна, Әйет ауылы және Ахметжанова Кенжегүл Аманжолқызы, Тобыл кенті; 3 орын – Ахмет Айнұр Төлендіқызы, Әйет ауылы және Балтабаев Айбек,  Әйет ауылы.      Жеңімпаздарға және барлық қатысушыларға марапаттау қағаздары, Алғыс хаттар және естелік сыйлықтар табысталды. Іс-шараны толығымен төмендегі сілтемелер бойынша тамашалауға мүмкіндік бар.   

https://ok.ru/video/3100349632948

https://ok.ru/video/3114770633140

Добавить комментарий