Жыл сайынғы аудандық «Сөз құдіреті. Живое слово» байқауы өз мәресіне жетті.

2021 жылдың 17 наурызында аудандық орталық кітапханада жыл сайын өтетін “Сөз құдіреті. Живое слово” мәнерлеп оқу байқауы еліміздегі санитарлық жағдайға байланысты онлайн режимінде өтті. Байқау Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және “Рухани жаңғыру” бағдарламасын жүзеге асыру аясында өтті.  Байқаудың тақырыбы: “Тәуелсіз Қазақстанның Кітаптары”. Қатысуға 11 бала өз жұмыстарын ұсынды.  Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз болып Елизаветинка ауылынан Туребаева Дариға анықталды,  Дариға  Роза Мұқанованың “Мәңгілік бала бейне”шығармасынан үзінді оқыды.  Сондай-ақ  номинациялар бойынша жеңімпаздар:  – “Әртістік” номинациясы- Стецюк Динара, Тобыл кенті;  – “Ерекше таңдау” номинациясы- Афанасьева Елизавета, Николаевка ауылы;  – “Кітапхана таңдауы” номинациясы- Чучкалов Кирилл, Майское ауылы.  Барлық қатысушыларға аудандық кітапхана жүйесінің басшысы  Г.Ж. Асанованың атынан Мақтау қағазы және естелік сыйлықтар табысталды.  Байқау материалдарымен мына сілтемелер бойынша танысуға болады:  

https://ok.ru/video/2749316010420    

Облыстық «Сөз құдіреті. Живое слово»  мәнерлеп оқу байқауына аудан атынан қатысуға Туребаева Дариға жолдама алды.

Добавить комментарий

Skip to content