Жабағы батыр – ауданымыздың тарихи тұлғасы

Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы Даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ, осынау рухани географиялық белдеуді мекен еткен халықтың тонның ішкі бауындай байланысы ешқашан үзілмеген.  

      Таран ауданы аймағында орналасқан Жабағы батыр атамыздың жерленген жері облыстық сакралдық объектілер тізіміне енген. Аудандық кітапхана қызметкерлері жылдық жоспарға сәйкес атамыздың басына тағзым ету мақсатында 27 қараша күні жолға шықты. Іс-шараға жастар, оқушылар, ардагерлер қатысты.  «Әйет» мешітінің имамы арнайы  Құран бағыштады. Кітапханашылар Жабағы батыр туралы аңыз бар екендігін айтты. Аңыз туралы мультимедиялық құралды іс-шараның 2 бөлімінде кітапхананың оқу залында тамашалады.

      Қатысушалар атмыздың басына барып, Киелі жердің тарихымен танысып көптеген ақпарат алды. Өздерінің ризашылықтарын білдірді.

Пікір үстеу

Skip to content