Аудандық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауы өтті

15 наурызда «Достық» мәдени – танымдық орталығының оқу залында облыстық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтті және Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнімен ұштастырылды. Байқау тақырыбы: «Балдаурен балалық шақ». Сонымен бірге байқауға таңдалатын туынды Қазақстандық жазушылардың (жасөспірімдер үшін жазылған туындылары немесе балалар мен жасөспірімдер әдебиеті шеңберіне енген шығармалар) шығармаларымен шектелді. Байқауға 12-13 жас (шарт бойынша) аралығындағы мектеп оқушылары қатысты. Байқаудың негізгі мақсаттарының бірі жасөспірімдердің қазақстандық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуды дәріптеу, актерлік шеберлігін шыңдау, өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік беру болып табылады. Байқауға қатысуға жалпы 13 оқушы өтінім беріп, оның 11-і қатысты. Байқауда балалар Толымбек Абдрайым, Серік Асылбеков, Аделия Амраева, Темірболат Ахметов, Тынымбай Нұрмағамбетов, Лилия Калаус, Алия Баянды, Альмерек Мираның  шығармаларын мәнерлеп оқыды. Балалардың өнерін Аудандық мәдениет бөлімінің бас маманы А.Асанова, Тілдерді оқыту орталығының  директоры А. Есенғазы және «Таран аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ директоры Г.Асанова сынды қазылар алқасы  бағалады. Балалардың өнерін бағалау оңайға түскен жоқ, дегенмен сайыс бар жерде жеңіс те, жеңіліс те бар. Қазылар алқасының шешімімен балаларға 3 орын мен 4 номинация берілді. «Айрықша таңдау» номинациясымен Асенкритовка орта мектебінің 6-сынып оқушысы – Рудов Виктор, «Үздік бейне» номинациясымен Тобыл орта мектебінің 6а-сынып оқушысы – Прокопенко Владислав, «Әртістік шеберлік» номинациясымен №116 Тобыл орта мектебінің 7-сынып оқушысы – Баймухамбетова Дильнара, «Көрермен көзайымы» номинациясымен Валерьяновка негізгі мектебінің 7б-сынып оқушысы –  Мухтарова Лаура марапатталды. Ал, орындар төмендегідей болды: 3-орынды Тобыл  орта мектебінің 7а-сынып оқушысы – Юсупова Аяна егеленсе, 2-орын Валерьян негізгі мектебінің 8б-сынып оқушысы – Никкель Янаға бұйырды. Ал, 1-орынды және облыстық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауына жолдаманы Тобыл орта мектебінің 6а-сынып оқушысы – Прокопенко Владислав иемденді. Қалған оқушылар байқауға қатысқаны үшін Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.

Пікір үстеу

Skip to content