Аудандық орталық кітапхана оқырмандарын күтуде…

Аудан орталығы, Әйет ауылындағы аудандық орталық кітапханасында 2021 жылдың басты елеулі оқиғаларына арналған кітап көрмелері безендіріді:
        Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «ЖЕТІСТІКТІҢ ОТЫЗ ЖЫЛЫ. ТРИДЦАТЬ ЛЕТ ДОСТИЖЕНИЙ» атты көрмесінде еліміздің даму сатысы көрсетілген әдебиет орын алған.

– қоғам қайраткері, ағартушы, этнограф, жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жылдығына арналып «ДАЛА ҚОҢЫРАУЫ» атты кітап көрмесі.

«ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 30 жылдығына – 30 кітап» атты кітап көрмесінде республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы шеңберінде таңдалған отыз кітап туралы, олардың авторлары туралы жинақталған әдебиет орын алған.

 

Акция аясында ел болып оқитын кітаптар үлкенді сыйлау, сөз тыңдау, ата дәстүрін құрметтеу сияқты дәстүрлерге мән беруге, рух, жан тазалығын, шынайы қасиеттерді сүйіп, толғанулармен оқырман жүрегінде орын табады деген сенімдеміз.
Көрмедегі әдебиеттермен танысу үшін кітапханамызға шақырамыз! Санитарлық  сақтық шараларын  орындауды ұмытпаймыз!

Пікір үстеу

Skip to content