Ғарышқа тұңғыш есік ашылғалы 60 жыл толды!

2021 жылдың 12 сәуірінде аудандық орталық кітапхананың оқу залында Бейімбет Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерімен бірігіп «Ғарышқа ұшқан қазақстандықтар» атты лекция түрінде іс-шара өтті. Іс-шара барысында Қазақстан жеріндегі Байқоңырдан ғарышқа Юрий Гагариннің аттанғаны сөз болды. Бұл туралы музей қызметкері О. Кисилева баяндады.       Кітапханашы Н. Корякина Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетовтар туралы ақпарат берді. Тыңдаушылар үшін “Ғасыр құпиясы” атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Қонақтарға өткен шақты еске түсіретін түпбелгілер таратылды. Оқырмандар алған әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.

Пікір үстеу

Skip to content