Мейірімділік пен құрмет мерекесі

28 қыркүйек күні Елубай Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйінде кітапхана және мәдениет үйінің қызметкерлері бірігіп 1 қазан – Қарттар күніне арналған «Золотой возраст» атты мерекелік кеш өткізді. Бұл мереке мейірімге толы жарқын мереке, қажырлы еңбегімен зейнетке шыққан ардагерлерімізге, ата-әжелерімізге құрмет көрсетіп, көңіл бөлу. Іс-шарада  жылы лебіздермен қатар, әншілердің орындауында әндер орындалды, сондай-ақ қызықты әдеби ойындар, сайыстар өтті. Қатысушы қонақтардың бәріне шағын сыйлықтар ұсынылды. Кеш соңында қонақтар ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Пікір үстеу

Skip to content