Аудандық кітапханалар жүйесінің кітап қоры тағы бір өлкетану басылымымен толықты.

             Ауданымыздың тумасы Қасымбек Кеңесбаев өзінің еңбегі «Атамекен – Қоржынкөлім» атты кітабын аудан кітапханаларына сыйға тартты. Автор өз басылымында туған өлкенің гүлденуіне үлестерін қосқан ел азаматтары туралы, Қоржынкөлдің керемет қайталанбас табиғаты туралы баяндайды. Сондай-ақ, кітапқа автордың өлеңдері және мақалалары енген.

       Аудан кітапханаларына өлкетану бағытында өткізілетін іс-шараларға, аталмыш кітап  материалдары баға жетпес құндылық деп есептейміз.

Қасымбек аға аудандық балалар кітапханасымен танысып, жылы лебіздерін «Қонақтарымыздың тілектері» дәптеріне жазып қалдырды.  

Пікір үстеу

Skip to content