Кітапхана – ұлттық мәдени құндылықтарды сақтаушы орталық

Республика күні қарсаңында, 2022 жылдың 14 қазан күні Бейімбет Майлин ауданының кітапханашыларына арналған «ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ САҚТАУДАҒЫ  КІТАПХАНАЛАРДЫҢ РӨЛІ» тақырыбында аудандық семинары өтті.

 Семинар модераторы, кітапхана жүйесінің басшысы Асанова Г.Ж. өз сөзінде ұлттық мәдени құндылықтарды сақтау біздің заманымызда өте маңызды екенін атап өтті.

 Семинар аудандық балалар кітапханасы қабырғасында өтті. Бұл шаңырақта өткізу алдын ала жоспарланған, себебі балалар кітапханасы тұсынан ашылған «Оқу және шығармашылық орталығы» ұлттық дәстүрді дәріптеу бағытында жұмыс жүргізеді.

 Аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Ералиева Г.В. орталықтың жұмысы, өскелең ұрпақты ұлттық салт-дәстүрге тәрбиелеу негізінде атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталды.

Кейін сөз алған әдіскер Ищенко Н.Н. ұлттық мәдени құндылықтарды сақтау және жаңғырту бойынша кітапханалардың миссиясы туралы  баяндады.

Тобыл ауылдық кітапханасының кітапханашысы Әбілқалықова А.Б. Ұлы тұлға және қазақ халқының мақтанышы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай Тобыл ауылдық кітапханасы кітапханашыларының атқарған жұмыстарын айқын көрсете білді.

 Елизаветинка ауылында  ұлттық мәдени  дәстүрлер  қалай жаңғырып жатқаны туралы Елизаветинка ауылдық кітапханасының кітапханашысы Әбілда М.С. әріптестерімен бөлісті.

Семинарды қорытындылай келе, жүйе кітапханашылары аталған тақырыпта кітап, коммуникация, ізденіс шаралары арқылы көптеген жұмыстар атқаруда екендігі байқалып,  бұл  бағыттағы жұмыс өз деңгейінде жалғасын табады деген қорытындыға келді.

Пікір үстеу

Skip to content