«Оқитын ұрпақ-жарқын болашақ кепілі»

Балалар жылын қорытындылау туралы ақпарат

2022 жылдың 7 желтоқсан күні Аудандық балалар кітапханасында Балалар жылын қорытындылау мақсатында «Оқитын ұрпақ-жарқын болашақ кепілі» атты мерекелік іс-шара өтті.

Кітапханашылар мерекеде сөз бастап, жыл бойы атқарылған жұмыстарға қысқаша шолу жасады. Сөз кезегі «Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ басшысы Г.Ж.Асановаға берілді. Гаухар Жақсылыққызы балаларды құттықтап, белсенді оқырмандарды марапаттады.

ЖҰЛДЫЗДЫ ОҚЫРМАНДАР легі төмендегідей болды:

  • 5-10 жас аралығындағы «Үздік оқырман 2022» номинациясымен Бейімбет Майлин атындағы жалпы білім беретін мектептің 4-сынып оқушысы Боженов Роман марапатталды.
  • 10-15 жас аралығында «Үздік оқырман 2022 номинациясымен Бейімбет Майлин атындағы жалпы білім беретін мектептің 6-сынып оқушысы Мулдашева Дилара марапатталды.
  • «Оқитын отбасы 2022» номинациясымен «Құрманғазы Жансая отбасы» марапатталды.
  • «Шебер қолдар 2022» номинациясымен Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектептің 4-сынып оқушысы Берик Айару марапатталды.
  • Кітапханада өткен іс-шараларға белсене қатысқаны үшін «Белсенді оқитын сынып 2022» номинациясымен Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектептің 4-сынып оқушылары марапатталды. Сынып жетекшісі Ақзада Сәлімжанқызына және оқырмандарға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз.

Барлық белсенді қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Іс-шара барысында балалар өз өнерлерін көрсетті.

Бұл шара Қазақстандағы Балалар жылын жүзеге асыру аясында өткізілді.

Пікір үстеу

Skip to content