САН  ҚЫРЛЫ МӘДЕНИЕТ  ӘЛЕМІ

Қазақстанның мәдениет және өнер  саласының өкілдері өздерінің кәсіби мерекелерін 21 мамырда атап өтеді. Қазақстанда Мәдениет және өнер қызметкерлері күні республика Президентінің Жарлығына сәйкес 2013 жылдың қараша айында пайда болды.

Бұл мереке бастапқыда 1998 жылы орнатылып, қыркүйектің соңғы жексенбісінде атап өтілді. Кейін, 2013 жылы Президенттің Жарлығына түзетулер мен толықтырулар енгізіліп, мереке күні 21 мамырға ауыстырылды.

Осы мерекелік датаға орай аудандық орталық кітапханасының оқу залында”САН ҚЫРЛЫ МӘДЕНИЕТ ӘЛЕМІ” атты тақырыптық көрме рәсімделді. Көрмеде мәдениет саласындағы нормативтік құжаттар, орталықтандырылған кітапхана жүйесі мен Орталық аудандық кітапхананың тарихы туралы ақпарат, Май ауылдық үлгілі кітапханасы туралы хронологиялық альбомдар, Бейімбет Майлин атындағы тарихи – өлкетану мұражайының тарихы, кітапхана өмірінің Панорамалары, Халық театры туралы Дайджест, ауданымыздың мәдениет мекемелерінің қызметі туралы мерзімді басылымдардан мақалалар ұсынылған.

Көрмеде сондай-ақ “Кітап&кітапхана” республикалық журналы (№2, 2021 ж.) ұсынылды, оған кітапхана жүйесінің басшысы Г. Ж. Асанованың “Кітапхана қос мерейтойды атап өтті”атты мақаласы кірді.

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған  онкүндік аясында  аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы Н.О. Корякина ұсынылған көрмеге шолу жасайды.

Кітапханаға келіңіздер, көрмені тамашалап аудан мәдениетімен танысып, кітап оқып  мәдениетті болыңыздар!

Пікір үстеу

Skip to content