Оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу
14.03. «Оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу» және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламалары шеңберінде Таран аудандық орталық кітапханасының библиографы ауданымыздағы Б. Майлин атындағы орта мектептің 9 «а» сынып оқушыларымен ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының және Л. Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханаларының сайттарымен виртуалды танысу сабағын өткізді. Оқушылар кітапханалардың виртуалды ақпараттық қызмет көрсету түрлерімен танысты. Өздері электрондық каталог арқылы тапсырыс жасап, жауап алысты. Ұлттық академиялық кітапханасының залдарына сырттай саяхат жасады.