«Встреча» клубының мерекелік отырысы.
4 мамыр күні Таран аудандық орталық кітапханасында «Встреча» клубының кезекті мерекелік отырысы өтті. «Ұлы Жеңіске жеткізгендер…!» атты тақырыпта өткен мерекелік отырыстың қатысушыларына аудан орталығындағы «Жауынгер тарандықтар» ескерткіші туралы ақпарат берілді. Клуб мүшелері А. Қарымсақова, А. Биянова, Л. Рябоконева, А. Цюх, А. Кухтиналар соғыс кезінде жазылған өлеңдер оқып, сол өлеңдердің авторлары туралы ақпаратпен таныстырды. Отты жылдарда айтылған әндер орындалды, арасында ыстық шәй іше отырып, еңбек ардагерлерінің әңгімелері сол уақыт туралы болды. Өз тарапынан кітапханашылар, кітап қорындағы соғыс туралы әдеби, тарихи кітаптармен таныстырды. Жергілікті әуесқой ақындар В. Ильченко, Л. Рябоконевалар өздерінің шығармаларын оқыды. Көктем келіп, Ұлы Жеңіс күнінің жақындап қалғаны қатысушылардың көңіл-күйлерінен сезіліп тұрды. Кештен клуб мүшелері жақсы көңілмен тарқасты.