Ұлттық валютамыздың 25 жылдық мерейтойы
2018 жылдың 15 қараша күні – Ұлттық валютамыз – теңгенің мерейтойы. Осы тарихи оқиғаға орай Б. Майлин атындағы орта мектептің 2 сынып оқушыларына тарихи-экономикалық сабақ өтті. Ұйымдастырып өткізген Таран аудандық орталық кітапханасының «Достық» мәдени-танымдық орталығының кітапханашысы Е. Кондрашина. Оқушыларға ұлттық валютаның шығу тарихы, қай жерден шығарылатыны туралы ақпарат берілді.
Тақырыпты қорытындылау мақсатында викториналық ойындар ойналды. Қатысқан оқушылар саны – 21.
![](https://trbs.kz/wp-content/uploads/2022/05/15112018_1_3.jpg)
![](https://trbs.kz/wp-content/uploads/2022/05/15112018_1_2.jpg)
![](https://trbs.kz/wp-content/uploads/2022/05/15112018_1_1.jpg)