Дәстүрлі славян мерекесі аталып өтті.
9 наурыз күні Таран аудандық орталық кітапханасында әр жас шамасындағы балаларға арналып ” На горах покататься, в блинах поваляться” атты танымдық ойын-сауық мерекесі өтті. Іс-шара барысында орыс халқының салт-дәстүрлері насихатталды. Балалар «Масленица» деген сөздің мағанасымен, апта бойынша әр күннің атауымен кеңінен танысты. Оқу залында тәттілермен шәй ішіп, құймақтар жеп, әндер айтылды. Далаға шығып арнайы дайындалған жұпыны құбыжық (Чучело) жағылып, ойындар ойналды.