Кітапхана – бірлік пен достықтың алаңы
27 ақпан күні Алғыс күні және Қазақстан Халқы Ассамблеясы күндері қарсаңында аудандық орталық кітапхана қызметкерлері кітапхана оқырмандары, «Встреча» клубының мүшелерін жинап, кезекті отырысын ұйымдастырды. Іс-шара «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты атумен өтті. Мекеме басшысы Г. Асанова жиналған оқырмандарын мерекемен құттықтап, баршаға денсаулық тіледі. Кітапханашы Н. Корякина мерекелердің шығу тарихымен, тақырыпқа сай әдебиетпен таныстырды. Қонақтар ретінде мәдениет үйінің қызметкері А. Зыбалева, ауданаралық әділет Басқармасы басшысының міндетін атқарушы Г. Әбенова қатысты. Айман Астанқызы өзінің шығарған өлеңін оқып, «Көршіңе жылы сөз айт» атты ойынын жүргізсе, Ғалия Өзбекқызы қатысушыларға көп жылғы еңбектері үшін, ауданның дамуына қосқан үлестері үшін алғысын білдірді. Қонақтар өз тарапынан жиналған аға буынға жылы лебіздерін білдірді. Клуб мүшелері кітапханада өтетін бас қосуды асыға күтетіндерін, кітапханашылардың жоғары деңгейде іс-шараларды өткізіп отыратындары туралы лебіздерін білдіре білді. Клуб мүшелері әр ұлттың өкілдерінен тұрады, әр ұлттың мәдениеті, салты туралы көптеген ақпаратпен бөлісе отырып, бірнеше тілде әндер орындалды. Мерекеге келген қонақтар жақсы көңілмен тарасты.