Мереке құтты болсын, теміржолшы!
1 тамызда, айдың бірінші жексенбісінде теміржолшылар өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді. Осы мерекеге орай орталық аудандық кітапхананың кітапханашысы Н. Корякина теміржол саласының қызметкерлеріне арнап бейне құттықтау жолдауын әзірледі. Құттықтау арқылы ардагерлерге, жқмысшыларға қажырлы еңбектеріне шексіз алғысымызды білдіреміз. Баратын жерімізге осы кісілердің арқасында еркін және қауіпсіз жететіндігімізге сенімдіміз. Кәсіби мерекелерімен құттықтай отыра зор денсаулық, отбасыларына береке-бірлік тілейміз!