Сайыс аяқталып, жеңімпаздар анықталды…
Бейімбет Майлин ауданының аудандық орталық кітапхана қызметкерлері «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін…» деген атаумен ересек оқырмандар арасында онлайн түрінде аудандық мәнерлеп оқу сайысын өткізді. Өткізу мақсаты – Ұлы ақынның рухани құндылықтарын насихаттау, кітапханаға жаңа оқырмандарды тарту. Аудан бойынша 20 қатысушы мәнерлеп Абай атамыздың шығармаларын ұсынған болатын, қазылар алқасы солардың ішінен жеңімпаздарды анықтады: 1 орын – Ақпанбетова Айдана Қайратқызы, Әйет ауылы; 2 орын – Зыбалева Айман Астановна, Әйет ауылы және Ахметжанова Кенжегүл Аманжолқызы, Тобыл кенті; 3 орын – Ахмет Айнұр Төлендіқызы, Әйет ауылы және Балтабаев Айбек, Әйет ауылы. Жеңімпаздарға және барлық қатысушыларға марапаттау қағаздары, Алғыс хаттар және естелік сыйлықтар табысталды. Іс-шараны толығымен төмендегі сілтемелер бойынша тамашалауға мүмкіндік бар.
https://ok.ru/video/3100349632948