Еліміздің басты Заңы.
Бейімбет Майлин ауданының орталық аудандық кітапханасының оқу залында оқырмандарымыз үшін «ҚР Конституциясы – тұрақты мемлекеттің негізін қалаушысы» атты кітап көрмесі қойылды. Көрме жыл сайын 30 тамызда атап өтілетін Конституция күніне арналған. Бүгінде біздің еліміз 1995 жылғы Конституция бойынша өмір сүруде. Басты Заң қабылдануымен Қазақстан өзінің одан әрі даму жолын таңдауда өзін танытты. Елдің Конституциясы мен заңдарын сақтау қоғам мен мемлекеттің табысты дамуына берік негіз жасайды және болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Көрмеде Қазақстан Республикасының Негізгі Заңының құрылу тарихын ашатын әдебиеттер, сондай -ақ Конституцияның өзі, үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) басылған құжат ұсынылған. «Қазақстан тарихы. 1991-2001 »,«Қазақстанның қазіргі тарихы», «Қазақстан Республикасының Конституциясы (ғылыми -практикалық түсініктеме). Осы басылымдар беттерінен тұрақтылықты нығайтуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға және демократияны дамытуға бағыт аламыз. Аудан тұрғындарын көрмемен танысуға шақырамыз!